Сәбиін 500 теңгеге сатпақ болған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәбиін 500 теңгеге сатпақ болған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды ©Владимир Прокопенко

Қарағандыда базарда сәбиін 500 теңгеге сатпақ болған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда базарда сәбиін 500 теңгеге сатпақ болған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өзінің қызын сатпақ болған әйелге қатысты ҚР ҚК 133-бабының 1-бөлігі - "Кәмелетке толмағандарды саудалау" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген таратылған хабарламада. Еске сала кетейік, 3 қараша күні Қарағандыда базарда баласын сатуға әрекеттенген әйел ұсталған болатын.

Полицияға куәгерлер хабарласып, базарда бір әйелдің өз баласын сатып жібергелі жүргенін айтқан еді. Ұсталған кезде әйелдің мас екені белгілі болды. Ол қызын сатпақ болғанын мойындамады. Бірақ ІІД бұл деректі есепке алып, оған қатысты тергеуалды тексеру жүргізді. Нақтыланбаған мәлімет бойынша, 1984 жылы туған келіншек аукцион ұйымдастырып, баласын 500 теңгеге сатып жіберуге келіскен. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети