Сәбиін дәретханаға тастаған шеше кепілдікпен босатылды

© CEN

Сәбиін дәретханаға тастаған шеше кепілдікпен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты "кепіл" бұлтартпау шарасы тағайындалды. Бірқатар комиссиялық сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қзыметіндегілердің айтуынша, әйелге қатысты екі бап бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Олар - "Қылмысқа оқталу" және "Анасының баласын өлтіруге оқталуы".

Реклама
Реклама

"Бұл ісі үшін әйелге төрт жылға бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы төніп тұр", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 3 қаңтарында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автожолындағы қоғамдық әжетханадан жаңа туған сәби табылған болатын. 8 қаңтарда полицейлер дәретханаға жаңа туған сәбиін тастаған келіншекті тапты. Дәрігерлер нәрестенің шамамен 6 күн бұрын дүниеге келгенін анықтады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама