08 қаңтар 2016 09:11

Жамбыл облысында жол бойында тұрған дәретханадан нәресте табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "КТК" кадры © "КТК" кадры

Жамбылда көкек ананың жауыздығы жұрттың жағасын ұстатты. Белгісіз келіншек күре жолдың бойындағы әжетханаға сәбиін босанып тастап кеткен. Нәжіске малынып, шырылдап жатқан шақалақты дәрет сындыруға тоқтаған жүргізушінің бірі байқап, дереу дәрігерлерді шақыртыпты, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Нәрестені терең шұңқырдан алып шығу үшін төтенше жағдай қызметкерлеріне дәретхананың еденін бұзуға тура келген. Ақ халаттылардың мәліметінше салмағы 3 келі 600 грамм болатын шақалақты анасы 30-40 минут қана бұрын босанып қалдырып кеткен. Құрсағын жарып шыққан перзентін қасақана өлімге қиған тасбауыр келіншек әзірге таптыратын емес. Ал өлім аузынан қалған қыз бала қазір Тұрар Рысқұлов ауданындағы орталық аурухана дәрігерлері емдеп жатыр. Қатты тоңып қалғаны болмаса жағдайы қалыпты.

Дереккөз: "КТК" телеарнасы. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети