Сәбиін өлтірген Екібастұз тұрғыны 13 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәбиін өлтірген Екібастұз тұрғыны 13 жылға сотталды ©РИА Новости

Екібастұз қаласының тұрғыны жаңа туған ұлын өлтіргені үшін 13 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сот Екібастұздың 33 жастағы тұрғынын екі айлық ұлын өлтіруге кінәлі деп танып, қатаң режимдегі колонияда 13 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды", - деп хабарлады соттың баспасөз хатшысы Ержан Қалкен. Оның айтуынша, бұл оқиға Екібастұзда 2014 жылдың сәуір айында болды.

Тергеу сол күні ер адамның үйде сәбиімен бірге қалғанын анықтады, нәрестенің анасы жұмысқа кеткен. Кешке қарай бала жылай бастаған. Мас ер адам оны қанша тыныштандырғысы келгенімен, бала уанбайды. Сол кезде ызаланып кеткен ер адам сәбиді аяғынан ұстап, бетон қабырғаға үш рет соғады. Сәбидің жылаған үнін естіген көршілер "жедел жәрдем" мен полиция шақырған.

Бассүйегі жарылған сәби ауруханада қайтыс болды. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына қарағанда, бала құтқарып қалуға келмейтін жарақат алған.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети