15 қыркүйек 2015 | 14:25

Сәбиін дәретханаға тастаған шеше қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетті - Атырау облысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© grodno24.com © grodno24.com

Атырау облысында сәбиін дәретханаға тастаған шеше қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысында сәбиін дәретханаға тастаған шеше қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова хабарлады.

7 шілдеде аудандық ішкі істер басқармасына жедел медициналық жәрдем фельдшерінен Құлсары қаласындағы үйлердің біріндегі ордан сәбидің табылғаны жайлы хабар түскен. Облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, оқиға орнына полицейлер жеткенше тұрғындар жиналып қалған, алайда ешқайсысы қандай да бір әрекетке бармаған. Сәби тірі болған, полиция қызметкерлері дәретхананың тақтайшасын төсеп, орға түскен де сәбиді алып шыққан. Кейін оны құқыққорғаушылар дәрігерлерге тапсырған. 

Сәби перзентханаға жеткізілген, оның жағдайы тұрақты делінді. Полицейлер жаңа туылған сәбидің анасының аты-жөнін анықтады. Ол Құлсары қаласының 22 жастағы тұрғыны екен. Тергеу кезінде келіншектің ІІ топтағы мүгедек болып шыққаны анықталды. Ал жасалған емнен кейін сәби қайтадан отбасына қайтарылған. "Келіншек өзінің ата-анасымен бірге тұрып жатқан. Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекцияның қызметкерлері мен учаскелік инспектор отбасына жиі барып, тексеріп тұрады", - деп хабарлады Мұхтарова. Оның мәліметінше, оларды ата-ана құқығынан айыру туралы мәселе қозғалған жоқ. "Қылмыстық қудалау қылмыс құрамының болмағандығы себепті тоқтатылды. Ол өзінің не істеп жатқанын түсінбеген", - деп нақтылады ол.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети