Оралда ювеналдық сот құрылыс алаңына сәбиін тастап кеткен 21 жастағы келіншекті ата-ана құқығынан айыру туралы шешім шығарды. Кәмелет жасына толмағандардың ісі жөніндегі облыстық сот мамандандырылған сәбилер үйінің шағымын қанағаттандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетсек, кішкентай Әлижан осы үйде.

Судья Жанар Ешпанова шешім шығаруда Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің 75-бабы негіз болған.
"Бұл бапта ата-аналардың өз баласының, жұбайының не отбасының басқа да мүшелерінің өмiрiне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде ата-ана құқықтарынан айырылатыны айтылады. Бастапқыда қыз "Қауіпте қалдыру" бабы бойынша 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылған", - деді Ешпанова.
Соттағылар Әлижанның 21 жастағы шешесінің оны балалар үйінен алғысы келгенін атап өтті. Қазіргі уақытта келіншек өз ісіне өкініп, жылап отыр.
"Заң бойынша сот шешімінен кейін алты ай бойында бала қамқлршыларға немесе өзге ата-анасына берілмейді. Баланы шешесінің туыстары асырап ала алады. Кейін ол ата-ана құқығын қайтарып ала алады", - деп мәлімдеді ювеналдық соттағылар.
Еске салайық, 2017 жылдың 26 маусымында салынып жатқан үйдің құрылыс алаңынан сәби табылған болатын. Кейін анасының аты-жөні анықталды. Ол Оралдың жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Ол сәбиін балалар үйіне апарғысы келгенін, бірақ нақты мекенжайын таппағанын айтып, ақталған еді.