09 қаңтар 2022 21:40

Сағынтаевтың кортежіне жасалған шабуыл: "Алматы" директоры оқиғаның мән-жайын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

6 қаңтарда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кортежіне шабуыл жасалды. Оқиғаның мән-жайын "Алматы" телеарнасының бас директоры Нұржан Жалауқызы айтып берді. Шабуыл кезінде телеарна қызеткерлерінің бірі қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


6 қаңтарда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кортежіне шабуыл жасалды. Оқиғаның мән-жайын "Алматы" телеарнасының бас директоры Нұржан Жалауқызы айтып берді. Шабуыл кезінде телеарна қызеткерлерінің бірі қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жүргізушіміз Мұратхан Базарбаев қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болды. Арнайы техника операторы Диаскен Байтибаев жараланды. Оның оң қолына оқ тиген, екі саусағынан айырылды. Үшінші қызметкер - оператор Арсен Сандыбаев аман-есен", - деді Нұржан Жалауқызы.

Қаза болған жүргізушінің аяғы мен ішіне оқ тиген.

"Қазір Диаскен ауруханада, оған барынша қолдау көрсетіп жатырмыз. Олардың отбасына қажетті көмек көрсетіледі. Бұл тіпті талқыланбайды да", - деді Жалауқызы.

"Алматы" телеарнасының директоры түсірілім тобына қалай шабуыл жасалғанын айтып берді.

"Олар 6 қаңтарда, кешке Республика алаңына шықты. Әскер алаңды бақылауға алғаны айтылды. Мұратхан аға кеңсеге жақын маңда тұратын, бәрі сол кісінің көлігіне отырып шыққан. Әл-Фараби даңғылынан Фурмановқа (Назарбаев - еск.) бұрылғанда оларға оқ жаудырған", - деді Жалауқызы.

Ол түсірілім тобы қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кортежі құрамында болғанын растады.

"Әріптесіміз Мұратхан Базарбаевтың отбасына және жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Оның батылдығы, жұмысына берілгендігі және қызметі мәңгі жадымызда", - деді Нұржан Жалауқызы.

Бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа шабуыл жасалғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети