22 қыркүйек 2014 15:11

Саида Ыбырайымованы өлтіргендердің үкімі өзгертілмеді

Сотталушылар. ©Владимир Прокопенко

Алматы қалалық соты Саида Ыбырайымованың өлімі туралы іс бойынша сотталғандардың үкімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жәбірленуші тарап адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов хабарлады. Еске сала кетейік, Саида Ыбырайымова 4 наурыз күні айуандықпен өлтірілген болатын. Адвокаттың айтуынша, сот үкіміне шағым келтірген Жан Алагөзов пен Гавгаз Әлиевтердің өтінішін сот қанағаттандырмай тастады. Үшінші сотталушы Әлібек Ерғалиұлы сот үкіміне қарсылық білдірмеген. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram