18 қыркүйек 2014 13:09

Саида Ыбырайымованы өлтіргендердің бірі үкімді өзгертуді сұрайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сотталушылар. ©Владимир Прокопенко Сотталушылар. ©Владимир Прокопенко

Алматыда Саида Ыбырайымованы өлтіргені үшін сотталғандардың бірі - Жан Алагөзов денсаулығының нашарлағанын айтып, апелляциялық инстанциядан үкімді өзгертуді сұрап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қылмыскерлер 24 жастағы Ыбырайымованы осы жылдың наурыз айында зорлап, өлтірген болатын.


Алматыда Саида Ыбырайымованы өлтіргені үшін сотталғандардың бірі - Жан Алагөзов денсаулығының нашарлағанын айтып, апелляциялық инстанциядан үкімді өзгертуді сұрап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қылмыскерлер 24 жастағы Ыбырайымованы осы жылдың наурыз айында зорлап, өлтірген болатын.

Өзінің апелляциялық шағымында Алагөзов үкіммен ішінара келіспейтінін, атап айтқанда, "Қарақшылық" бабының жазасына қарсы екенін жазады. "Менде қарақшылық шабуыл жасайын деген ой болған жоқ. Денсаулығымның нашарлағанына байланысты мен қысқаша апелляциялық шағым жазып отырмын. Маған қатысты қылмыстық іс бойынша үкімді өзгертуді, "Қарақшылық" бабы бойынша қылмыстық істі тоқтатуды және осы бапты ескермей, жаңа үкім шығаруды сұраймын", - деп жазды Алагөзов.

Саида Ыбырайымованың өлімі туралы іс бойынша апелляциялық шағым 22 қыркүйекте сағат 09.30-да Алматы қалалық сотында қаралатын болды.

Еске сала кетейік, Саида Ыбырайымова осы жылдың наурыз айында із-түссіз жоғалып кеткен еді, бірнеше күннен соң оның мәйіті табылды. Сот қылмыстық іс фигуранттарына түрлі мерзімде жаза өтеуге үкім шығарды. Жан Алагөзовқа мүлкін тәркілеумен бірге қатаң режимдегі колонияда 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Гавгаз Әлиев мүлкін тәркілеумен бірге қатаң режимдегі колонияда 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Істің үшінші фигуранты Әлібек Ерғалиұлы жалпы режимдегі колонияда төрт жыл отыратын болды. Ол сот залында қамауға алынды.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети