"Сайттарда танысып, ұйықтататын дәрі берген". Алматыда қыздарды тонаумен айналысқан ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сайттарда танысып, ұйықтататын дәрі берген". Алматыда қыздарды тонаумен айналысқан ер адам ұсталды © Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

Алматының Әуезов ауданының жедел қызметкерлері сайттарда қыздармен танысып, оларға ұйықтататын дәрі беріп, артынша қыздарды тонап жүрген ұрыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының Әуезов ауданының жедел қызметкерлері сайттарда қыздармен танысып, оларға ұйықтататын дәрі беріп, артынша қыздарды тонап жүрген ұрыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Осыған дейін осыған ұқсас қылмыс үшін сотталған күдікті Өзбекстанның 1981 жылғы азаматына қатысты іс қайта өндіріске алынды. Ол 2015 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған", - деп хабарлады полициядағылар.

ІІД мәліметінше, ол қылмысын бұрынғы әдіспен жасаған.

"Танысу сайттарында қыздармен танысып, хат алмасып, оларды жалдамалы пәтерлерге кездесуге шақырған. Кейіннен қыздарға ұйықтататын дәрі беріп, оларды тонап кетіп жүрген. Қыздар ұйықтап қалған кезде олардың ақшалары мен заттарын алып кетіп жүрген. Бір сөзбен айтқанда, сатуға немесе өткізуге болатын заттардың барлығын алып кетіп жүрген. Осыған байланысты ер адамнан зардап шеккендкерден ІІБ-не мына нөмірлер бойынша хабарласуларын сұраймыз: 298-53-02; 298-53-62 немесе 102", - деді Әуезов ауданының Ішкі істер басқармасы басшысы Есен Ысқақовтың баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети