06 қазан 2021 | 18:02

"Санақты сылтауратып несие рәсімдейді". Полиция WhatsApp-та тараған хабарламаға жауап берді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет:elements.envato.com

Қазақстандықтар арасында WhatsApp желісінде дауыстық хабарлама тараған. Аудиожазбада әйел алаяқтар халық санағын желеу етіп, азаматтардың атына несие рәсімдейді деп ескертеді. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар арасында WhatsApp желісінде дауыстық хабарлама тараған. Аудиожазбада әйел алаяқтар халық санағын желеу етіп, азаматтардың атына несие рәсімдейді деп ескертеді. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтарды WhatsApp мессенджерінде тараған дауыстық хабарлама алаңдатып отыр. Жазбада әйел алаяқтар халық санағын сылтаурататын алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын айтып ескертеді.

"Бейтаныс нөмір бейне қоңырау шалады. Сен тұтқаны көтересің. Бетіңізді сканерлеп, бірнеше сұрақ қояды, содан кейін сенің атыңнан несие рәсімдейді. Қазірдің өзінде осындай бірнеше жағдай болды. Шаханда, Ақтаста, Қарағандыда үш оқиға болды. Қарағандыда бір әженің атына 11 миллион теңге несие рәсімделген. Сондай-ақ, қарағандылық ер адамның атына бірнеше несие рәсімделгендіктен ер адам асылып қалыпты", - дейді әйел жазбада.

Реклама
Реклама

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аудио сілтемеде көрсетілген деректер шындыққа жанаспайтынын айтты.

"Қазір полицейлер таралған хабарлама авторын анықтаумен айналысып жатыр. Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдаланып, жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Ол тұрғындарды тек ресми ақпарат көздерінен алынған сенімді ақпаратқа сенуге шақырды.

Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері бейне қоңырау шалмайды, олар үйге келетінін атап өту керек. 

Бұдан басқа, Ұлттық статистика бюросы қызметкерлерінің мөрмен расталған тиісті куәлігі, 2021 жылғы санақтың символикасы бар көк түсті шарфы мен портфелі бар екенін айтты. Куәлікте тіркеу нөмірі көрсетіледі, оның көмегімен sanaq.gov.kz сайтындағы арнайы іздеу жолына нөмірді енгізіп, анықтауға болады.

Жалпыұлттық халық санағы Қазақстан халқы бойынша нақты жағдайды анықтап қоймай, демографиялық, әлеуметтік және саяси аспектілер бойынша ахуалды болжауға мүмкіндік береді. Халық туралы дерек жинау процесі алғаш рет интернет-сауалнама және дәстүрлі жаппай аралау көмегімен жүргізіледі. Соңғы әдіс белгіленген мерзімде онлайн-режимде санақтан өтпеген респонденттер арасында жүргізіледі.

Үй аралау биыл 1-30 қазан аралығында өтеді. Сонымен қатар, деректердің қамтылуын және дұрыстығын тексеру мақсатында респонденттердің 10 пайызына тексеру жүргізіледі. Халық санағында қандай сұрақтар қойылатынын мына жерден оқи аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная