01 қыркүйек 2021 17:41

Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Бүгін, 2021 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды. Бұл тәуелсіздік алғалы бері үшінші рет өткізілгелі отырған халық санағы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бүгін, 2021 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды. Бұл тәуелсіздік алғалы бері үшінші рет өткізілгелі отырған халық санағы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"1 қыркүйектен 15 қазанға дейін халық санағынан онлайн түрде sanaq.gov.kz сайтынан өтуге болады. Сайт тәулік бойы жұмыс істейді", - дейді Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов.

Онлайн санақтан өтпегендер үшін 1-30 қазан аралығында үйлерді аралап, санақ жүргізу басталады. Дәстүрлі кезеңнің басты жаңалығы санақ жүргізетін қызметкерлер электрон планшеттерді қолдануы болмақ.

Халық санағы 91 сұрақтан тұрады. Алайда, бұл барлық сұраққа жауап беру керек дегенді білдірмейді. Өйткені сауалнамаларда шетелге кеткен немесе елге келген адамдарға арналған сұрақтар бар. Сондай-ақ, тұрғын үйлердің жай-күйі туралы сұрақтар бар, оларға тек иелері ғана жауап береді. Сонымен қатар, тек әйелдерге арналған сұрақтар да бар. Орташа алғанда, санақ сұрақтарына жауап беру үшін 20-25 минут қажет.

Халық санағына жұмсалатын миллирдтаған шығынға түсінік берілді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети