Алматы облысы Сарқан аудандық соты қызын өлтірген ана мен ағаның ісіне қатысты жаңа деректер жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысы Сарқан аудандық соты қызын өлтірген ана мен ағаның ісіне қатысты жаңа деректер жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот апараты бойынша, 8 ақпанда әйел ағасымен бірге таксимен қызын алып келе жатып, жолда түсіп қалған.
"Сол кезде ағасына тумасынан аурушаң және есепте тұрған баласын қарай алмайтынын, көргісі келмейтінін айтып оны өлтіру керек екені туралы ұсыныс жасаған, келіспеген жағдайда өзіне өзі қол жұмсайтынын жеткізген. Ағасы қарындасының сөзіне келісіп баланы өлтіруге алдын ала сөз байласқан. Қызды өлтіруге бағытталған ойын іске асыру үшін қала сыртында орналасқан, бұрынғы зауыт маңындағы қоқыс төгетін жердің еңісіне қарай түсіп, дәрменсіз баланы жерге жатқызып қылғындырып өлтірген", - дейді соттың баспасөз қызметіндегілер.
Осылайша, баланың бақилық болғанына көз жеткізіп, мәйітті жасырып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Соталды тергеу органы соттан күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауды санкциялауды сұрады.
"Күдіктілер жасаған қылмысын мойындап, "үйқамақ" ретінде бұлтартпау шарасын сұрады", - делінген хабарламада.
Сот ҚР ҚПК-нің 55, 146-148-баптарын басшылыққа ала отырып, қыздың анасы және ағасына қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түрін санкциялау бойынша қаулы шығарды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, 17 мамырда Алматы облысы Сарқан ауданында қоқыс үйіндісінен 4-5 жасар қыздың мәйіті табылды. Баланың анасы 19 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан. Оның айтуынша, қызы 2017 жылы дүниеге келген. Ол церебральді сал ауруына шалдыққан, сондай-ақ, балада туа біткен ақыл-ой кемістігі болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!