06 ақпан 2017 | 11:34

Сарыағашта букмекерлік кеңсе қызметкері тонау туралы жалған ақпарат берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kstati.dp.ua © kstati.dp.ua

Букмекерлік кеңсе қызметкері полицияға тонау туралы жалған ақпарат беріп, 1,5 миллион теңгені иемденіп қалғысы келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Букмекерлік кеңсе қызметкері полицияға тонау туралы жалған ақпарат беріп, 1,5 миллион теңгені иемденіп қалғысы келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицейлердің хабарлауы бойынша 2017 жылдың 1 ақпанында Сарыағаш Ішкі істер аудандық бөлімшесіне қаладағы букмекерлік кеңселердің бірі тоналғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына келген полицейлерге 23 жастағы кеңсе қызметкері түнде бетперде киген белгісіз біреулер оны пышақпен қорқытып, кассада жатқан 1,5 миллион теңгені алып кеткенін айтады. Бұл дерек Сарыағаш ІІАБ-нің СДТБТ-ға ҚР ҚК 192-бабы "Қарақшылық" бойынша тіркеледі.

Алайда ақпарат жалған болып шықты. "Тергеу күдіктінің ақшаны иелену үшін тонауды қолдан жасағанын анықтады. Оның үйіне тінту жасалып, полицейлер ұрланған ақшаны тәркіледі", - дейді ІІД өкілдері. Қазір 1993 жылы туған Сарыағаш тұрғыны қамауға алынды. Аталған іс бойынша ҚР ҚК-нің үш бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети