25 тамыз 2018 12:55

Сарыағашта Тойота дилерлік орталығының бұрынғы қызметкері ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© zarulim.com.ua © zarulim.com.ua

Түркістан облысы Сарыағаш қаласында аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен Тойота дилерлік орталығыныңбұрынғы қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.


Түркістан облысы Сарыағаш қаласында аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен Тойота дилерлік орталығыныңбұрынғы қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

Ер адамның шамамен 290 миллион теңге иемденіп алғаны айтылады.

"Алматы қалалық ІІД Криминалдық полиция өкілдері "Алматы Тойота Орталығы" автосалонының бұрынғы қызметкерін ұстады. Ұсталған ер адам клиенттерді алдап, шамамен 290 миллион теңге иемденіп алған", - деп хабарлады Алмас Сәдубаев брифинг кезінде.

Қазіргі уақытта Алматы полициясы клиенттердің шағымы бойынша істі тергеп жатыр. Клиенттердің бірінің айтуынша, автосалонның менеджері одан алдын ала төлем ретінде 22 миллион теңге алып, түбіртек бермей қойған. Көлікке келген күні клиент не менеджерді, не көлігін таба алмаға.

Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") және 190-баптың 4-бөлігі 2-тармағы бойынша ("Алаяқтық") сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети