18 наурыз 2014 | 18:41

Сарыөзекте қаза болған сарбаздың өлімін ІІМ анықтайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tengrinews.kz ©tengrinews.kz

Сарыөзекте мерзімді қызметін өтеген сарбаз өлімінің себебін ІІМ Тергеу комитетінің әскери-тергеу басқармасы анықтайды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Еске сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Луиза Чекушева өзінің баласы, мерзімді қызмет ететін сарбаз Сәлім Әлібеков ақшаға бола қайтыс болғанын хабарлаған болатын. Бірақ оның айтуынша, құқық қорғау органдары бұл істі өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу нұсқасы бойынша тергеп отырған көрінеді. Сәлім үйіне демалысқа келген уақытта әскерде әлімжеттік, қорлау болатынын анасына жеткізген. "Бала онда қорқынышты жағдайлар болатынын, келісім-шартпен әскерге келгендер шектен шыққан өрескел істер жасайтынын айтқан. Тіпті мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздарды үнемі ұрып, барынша кемсітіп, қорлап, ақша талап ететінін тілге тиек етті", - дейді Луиза Чекушева. Қаза тапқан сарбаз Алматы облысы Сарыөзек ауылында орналасқан №12740 әскери бөлімінде борышын өтеген. Мерзімді қызмет ететін сарбаз 2013 жылдың қараша айында ақылы демалысқа жіберілген. Чекушеваның айтуынша, мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген баласы қызметтесі Изат Сабыровпен бірге үйіне келген. Сонда Изат белгісіз біреулермен ақша туралы үнемі сөйлесіп отырған екен. Кейін 29 қарашада қайтадан қызметіне кіріскен, алайда 2 желтоқсан күні сарбаздың асылып қалғаны туралы белгілі болды. Сәлімнің анасы баласын біреулер өлгенше ұрғанына сенімді.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети