Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаменті мен Қарағанды облыстық өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің басшысының орынбасарын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның ұсталған сәті түсірілген видео Instagram желісінде пайда болды. Кадрлардан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департамент өкілдері мен полицейлерді көруге болады. Ұсталған адамның қолы кісендеулі. Ол қолын босатып, телефон соғуға мүмкіндік беруді сұрайды.
Осы жағдайға қатысты облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі түсінік берді. Ресми мәліметтер бойынша, полицей әкімшілік құқықбұзушылық жасаған адамнан пара алды деген күдікпен ұсталған.
"Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері облыстық ІІД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен бірге әкімшілік құқықбұзушылық жасаған адамды жауапқа тартпау үшін ақшалай қаражат алған деген күдікпен Сәтбаев қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары ұсталды", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.
Қазіргі уақытта ұсталған адамға қатысты соталды тергеу жүріп жатыр.