16 наурыз 2021 12:59

Сәтбаевта иттерді атып өлтірген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/animal__security Фото:instagram.com/animal__security

Сәтбаевта 26 жастағы ер адам иттерді өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сәтбаевта 26 жастағы ер адам иттерді өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері Сәтбаевтың 26 жастағы тұрғынын ұстады, ол иттерді өлтіргенін мойындаған. Күдіктіден тегіс ұңғылы мылтық және бірнеше атыс гильзалары тәркіленген. Жауап алу кезінде күдікті иттерді танысы өтініш жасағаннан кейін атқанын айтқан. Танысының сөзінше, иттер тұрғындарға қауіп төндірген. Күдікті ақпаратты тексермей, тіпті біреуге ескертпеген де.    

Қарағанды облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті жалпы бес ит өлтірген. Болған оқиғаға қатысты арызды жергілікті зооеріктілер жазған. 

"ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл баптың санкциясы 120 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл түрінде жазалауды немесе отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуды көздейді", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, кеше, 15 наурызда Сәтбаев қаласының зооқорғаушылары иттерді жаппай атуға наразы болған еді. Олар ұстау қызметі далада байланып тұрған иттерді де атып кетенін мәлімдеді. Еріктілердің айтуынша, алты жасар қыз үйсіз иттер талап кеткеннен кейін қайтыс болған соң аулау қызметі барлық итті тексерместен ататын болған. Тіпті байланып тұрғандарын да.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети