Сбербанк өкілдері банкоматтағы ақшаның неден өртенгенін айтып берді

?аза?станды? банктерді? біріні? ?кілдері Алматы облысы Сары?зек ауылында?ы банкоматты белгісіздерді? тона?ысы келгені жайлы о?и?аны? м?н-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық банктердің бірінің өкілдері Алматы облысы Сарыөзек ауылындағы банкоматты белгісіздердің тонағысы келгені жайлы оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сбербанк" АҚ еншілес банкі Маркетинг және коммуникация басқармасының директоры Олегжан Бекетаев қаскөйлердің банкоматты ашқысы келгенін растады. Олар банкоматты ашып жатқан сәтте дабыл белгісі қосылған.

"17 ақпанда Алматы облысындағы Сарыөзек ауылында Сбербанктің жеке дүкенде орналасқан банкоматын ашу әрекеті болды. Қаскөйлер оны газбен балқытып біріктіру құрылғысымен ашпақ болған, бұдан купюралар өртенген. Ашу кезінде дабыл белгісі қосылып, оқиға орнына жедел әрекет ету тобы жөнелтілген. Банк тонау әрекеті дерегі бойынша құқық қорғау органдарына хабарласты, тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады банк өкілі.

Реклама
Реклама

Банктегілердің айтуынша, жанып кеткен купюраларды алмастырып алуға болады.

"Банкоммат жарамсыз болып қалды, банкке келген шығынды сақтандыру компаниясы өтейді. Сбербанк әлемнің жетекші вендорларынан тапсырыспен алдырады, банкоматтардың жоғары дәрежедегі сейфтері бар, сондай-аө, жоғары деңгейлі қауіпсіздік жүйесі орнатылған", - деп атап өтті "Сбербанк" АҚ еншілес банкі Маркетинг және коммуникация басқармасының директоры.

Еске салайық, Алматы облысында белгісіздер банкоматтағы миллиондаған ақшаны ала алмай, өртеп кеткен. Бұл мәліметті Алматы облысы ІІД ресми өкілі Айман Мырзекова растаған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама