22 ақпан 2017 09:06

Өртенген миллиондаған ақшаның жай-жапсары белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында белгісіздер банкоматтағы миллиондаған ақшаны ала алмай, өртеп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында белгісіздер банкоматтағы миллиондаған ақшаны ала алмай, өртеп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде өртенген он және бес мыңдық ақшаның суреттері пайда болған. Сөйтсек, бұл оқиға Алматы облысындағы Сарыөзек ауылында болған оқиға екен. Қаскөйлер дүкенде орналасқан банкоматтардың бірін тонамақ болған.

Белгісіздер банкоматты бұза алмай, банкоматтағы қаражатты өртеп алған. 

Алматы облысы ІІД ресми өкілі Айман Мырзекованың айтуынша, оқиға 18 ақпанда болған. 

"Шын мәнінде оқиға Сарыөзек ауылында болды. Бұл дерек соталды тергеулердің бірыңғай реестрінде тіркелді. Оқиғаның мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді", - деді Айман Мырзекова.

Расталмаған мәліметтер бойынша, 18 миллион теңге өртенген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети