Шекара қызметі экс-басшысының ісі бойынша 300 миллион теңгенің мүлкіне тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шекара қызметі экс-басшысының ісі бойынша 300 миллион теңгенің мүлкіне тыйым салынды ©Тengrinews.kz

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысының ісі бойынша жалпы сомасы 300 миллион теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысының ісі бойынша жалпы сомасы 300 миллион теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу департаментінің ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 5-бөлігі және 235-бабының 3-бөлігінде көрсетілген қылмыс белгілерімен айыпталған Шекара қызметінің бұрынғы директоры Нұрлан Жоламановқа және 2458 әскери бөлімінің командирі Қайрат Балмағамбетовке қатысты қылмыстық істі өндіріспен аяқтағаны хабарланған болатын. 

"Тергеу органы Жоламанов және Балмағамбетовты тауар және қызмет жеткізуге байланысты келісімшарттарды жасау және орындау барысында коммерциялық кәсіпорындар өкілдерінің мүдделерін қорғаштағаны, олардан ұйымдасқан топ болып, бопсалау арқылы аса ірі мөлшерде пара алғандығы үшін айыптады. Қылмыстық істі тергеу барысында айыпталушылардың 300 миллион теңгеден астам сома болатын мүліктеріне тыйым салынды", - делінген таратылған хабарламада. 

29 желтоқсанда Бас әскери прокуратура айыпталушы Жоламанов пен Балмағамбетовты сотқа тартты, қылмыстық іс Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотына жолданды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети