Шекарашылар 60 келі елік етін елден алып шықпақ болған ресейлікті ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шекарашылар 60 келі елік етін елден алып шықпақ болған ресейлікті ұстады © РИА Новости

Шекарашылар 40 тонна ірі қара малдың терісін, 60 келі елік етін және 40-тан астам оқ-дәріні шекара асырмақ болғандарды құрықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шекарашылар 40 тонна ірі қара малдың терісін, 60 келі елік етін және 40-тан астам оқ-дәріні шекара асырмақ болғандарды құрықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шекарашылар өткен тәулікте Қазақстан-Ресей шекарасындағы Ақтөбе шекара жасағының "Жайсан" өткізу пунктінде жалпы салмағы 39,5 тонна ірі қара малдың терісін (бағалау құны 3 миллион теңге шамасында) заңсыз өткізбек болған екі оқиғаның жолын кесті. Ұсталғандар 1990 және 1971 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматтары. Олардың ісі Ақтөбе облыстық МКД-ға тапсырылған.

"Ақтөбе шекара жасағының "Әлімбет" және Павлодар шекара жасағының "Қосақ" өткізу пункттеріндегі тексеру барысында аң аулауға арналған 12 калибрдің жалпы саны 41 оқ-дәрісін алып өтпек болғандар ұсталды. Ұсталғандар аудандық полиция бөліміне тапсырылды", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ ведомство мәліметі бойынша, Петропавл шекара жасағының "Қарақоға" өткізу пунктінде Қазақстаннан Ресейге "УАЗ" автомашинасымен кетіп бара жатқан 1969 жылы туған РФ азаматы ұсталды. Автокөлігін тексеру кезінде жүксалғыштан 60 келіге жуық еліктің еті табылды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети