Шекарашылар қырғыз еліне тартылған спирт құбырын тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шекарашылар қырғыз еліне тартылған спирт құбырын тапты ©ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

Қазақстандық шекарашылар елімізден қырғыз жеріне қарай жол тартқан спирт арнасын анықтады деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Қордай шекара отрядына қарасты «Сортөбе» заставасының шекарашылары мемлекеттік шекарадан 200 шақырым жерден диаметрі 40 мм болатын бірнеше метрге созылған шлангті анықтады. Спирт құбырын контрабандашылар жер астымен жүргізіп, оның үстін шөп-шаламмен, тастармен жасырған. Шлангтың басы Сортөбе ауылындағы бір үйдің ауласынан басталады", - делінген хабарламада. Шекара қызметі мамандарының мәліметінше, үй иесінің айтуына қарағанда, аталған ауланы Р. есімді бөтен адам жалдап тұрған. Қазіргі уақытта шлангінің 5 метрі жерден қазып алынды. Аталған дерек туралы құқық қорғау органдарына хабарланды, материалдар Қордай аудандық қаржы полициясына берілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети