Сексуалдық құлдық: Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топтар жойылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Ішкі істер министрлігі Бас прокуратураның үйлестіруімен адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Бірқатар кешенді шаралар қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігі Бас прокуратураның үйлестіруімен адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Бірқатар кешенді шаралар қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері 22-24 мамыр аралығында "STOP-трафик" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Адам саудасының 49 дерегі, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты тоғыз факт анықталды.

"Адамдар "трафигімен" байланысты заңға қайшы әрекеттерді жүзеге асырған күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету деректері бойынша үш соталды тергеп-тексеру басталды.

Мысалы, Астана қаласында тоғыз "элиталық" монша кешенінің аумағында жас қыздарды сексуалдық қанауға тарту және мәжбүрлеу бойынша қылмыстық жүйені жолға қойған 17 адамнан тұратын топтың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді. 30-дан астам тінту іс-шарасы өткізіліп, ақша және алты автокөлік тәркіленді. Негізгі фигуранттар қамауға алынды.

Шымкент қаласында осыған ұқсас ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді. Мұнда жалпы сомасы 1 миллион теңге және 16 мың АҚШ долларынан астам қаражат, 10 автокөлік тәркіленді. Топ жетекшілері мен мүшелері қамауға алынды.

Петропавл қаласында 2023 жылдан бастап зорлық-зомбылық пен бопсалау арқылы жас қыздарды жыныстық қанауға мәжбүрлеп келген қылмыстық топ әрекет еткен. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басқару және оған қатысу дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Бірқатар өңірде әлеуметтік осал топтардан шыққан адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеу деректері анықталды.

"Қарағанды қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға қоқан-лоққы және күш көрсетіп, оларды қайыр сұрауға мәжбүрлеп, "бизнес" ұйымдастырған адамдар тобы ұсталды. Қылмыскерлер өз құрбандарының есебінен жылына 10 миллион теңгеге дейін табыс тауып отырған. Осыған ұқсас қылмыстық топтардың әрекеттері Ақтөбе, Алматы және Маңғыстау облыстарының аумағында әшкереленді. Онда мүгедектер мен жас балаларды базарлар мен вокзалдар аумағында пайдаланған. Барлық қылмыскерлер құрықталды. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі", – деді Қуандық Алпыс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro