Семей тұрғыны жүкті әйеліне келген дәрігерлерді соққыға жыққан

Семей тұрғыны жүкті әйеліне келген дәрігерлерді соққыға жыққан © arnapress.kz

Семей тұрғыны аяғы ауыр келіншегіне шақырту бойынша келген фельдшерді соққыға жыққан. Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Facebook желісіндегі парақшасында хабарлаған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семей тұрғыны аяғы ауыр келіншегіне шақырту бойынша келген фельдшерді соққыға жыққан. Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Facebook желісіндегі парақшасында хабарлаған. 

Ер адам ұялы телефонынан дәрігерлер бригадасын шақырған. Медицина қызметкерлеріне әйел адам іш тұсындағы ауырсынуға шағымданған. Дәрігерлер оған "түсік жасау қаупі" бар екенін айтып, ауруханаға жеткізген. 

Дәрігерлердің айтуынша, науқастың күйеуі мас күйде болып, дәрігерлерден ауыртпайтын дәрі егуді талап етіп, соққыға жыққан. Артынша полиция өкілдері келген. 

Фельдшерлердің миы шайқалып, жабық ми жарақаттарын алған. Ер адамның мұрны сынған. Алған жарақаттарына қарамастан дәрігерлер аяғы ауыр келіншекке медициналық көмек көрсеткен. Артынша фельдшерлер кезекшіліктен кейін полицияға шағымданған. 

Ер адам ұсталды. Фельдшерлердің екеуі де аурухананың нейрохирургия бөліміне жеткізілген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети