Семейде пара алған әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасарына жаза тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде пара алған әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасарына жаза тағайындалды © REUTERS

Семейде әкімшілік полиция басшысының орынбасары Шыңғыс Кәрімовке пара алғаны үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Семейдің №2 сотының залынан.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде әкімшілік полиция басшысының орынбасары Шыңғыс Кәрімовке пара алғаны үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Семейдің №2 сотының залынан.

Судья Кәрімовке 600 миллион теңге көлемінде айыппұл салу туралы қаулы шығарды, ол бұл соманы бір айдың ішінде төлеуі тиіс. Егер Кәрімов бұл айыппұлды төлей алмаса 1 АЕК - 1 күнге бас бостандығынан айырылады. Сонымен қатар, айыпталушының мүлкі тәркіленеді және ол өмірінің соңына дейін мемлекеттік органдарда қызмет ете алмайды.

Айта кетейік, биыл қыркүйекте Семейде ІІБ әкімшілік полиция басшысының орынбасары ұсталды, ол әкімшілік құқықты бұзған адамның үстінен әкімшілік іс қозғамау үшін 100 000 теңге пара алған. 

Қылмыстық іс материалдары бойынша, биыл 7 қыркүйекте қала тұрғыны Toyota Camry автокөлігімен Қабанбай батыр көшесінде жолдың қарсы бағытына шыққан. Бұл құқық бұзушылық бақылау камерасына түсіп қалды. Айта кетейік, құқық бұзған әйел кезекші бөлімге шақырылды. Әйел жағдайды анықтап шығу үшін Кәрімовтің кабинетіне кірген, ол әкімшілік іс қозғамау үшін 100 мың теңге сұрапты. Әкімшілік полиция басшысының орынбасарына "Лауазымын асыра пайдаланды" деген айып тағылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети