23 шілде 2014 | 13:44

"Семей инжиниринг" қызметкерлері алаяқтық жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Владимир Прокопенко ©Владимир Прокопенко

"Семей инжиниринг" қызметкерлеріне 25 млн теңгенің алаяқтығын жасады деген күдік келіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Семей инжиниринг" қызметкерлеріне 25 млн теңгенің алаяқтығын жасады деген күдік келіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясы департаменті "Семей инжиниринг" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Іс материалдарына қарағанда, 2013 жылдың шілдесінде мемлекеттік қызметті орындауға өкілетті органдар "КСЖБ-3" ЖШС директорымен алдын ала сөз байласып, "Семей инжиниринг" АҚ аумағына құм-қиыршық тас қоспасын әкелінгені туралы жалған құжатты рәсімдеген. Бұл әрекеттен бюджетке 25 млн теңге шығын келді.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың ақпан айында қаржы полициясы "Семей инжиниринг" АҚ бас директоры Бақытжан Сейітовті ұстаған болатын. Ол семейлік кәсіпкерден 600 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінде қолға түсті. АҚ басшысына барлығы 3 млн теңге пара алды деген күдік келіп отыр.

"Семей инжиниринг" - сауытты танк техникасына күрделі жөндеу жүргізетін және конверсиялық техника әзірлейтін Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған кәсіпорын. Ол - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының 100%-дық қатысушысы.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети