Семейде 320 адамның атынан шағын несие алған тұрғын ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде 320 адамның атынан шағын несие алған тұрғын ұсталды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Семей тұрғыны қазақстандықтардың жеке куәлігі жоғалғаны туралы Желідегі хабарламаларды тауып, 10 миллион теңге несие рәсімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Семей тұрғыны қазақстандықтардың жеке куәлігі жоғалғаны туралы Желідегі хабарламаларды тауып, 10 миллион теңге несие рәсімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, Семей қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде құжаты жоғалғаны туралы хабарландыруларды тауып, сол арқылы шағын несие алуға өтініш берген. Күдіктіні Атырау облысының Полиция департаменті қызметкерлері құрықтаған.

"Сонымен қатар, жәбірленушілер несие мерзімі кешіктірілгені туралы хабарлама келгенге дейін өз атына несие алынғанын білмеген. Қазіргі уақытта 10 миллион теңгеден аса шығынға ұшыраған 320 адам анықталды", - деді Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети