Семейде анасы үшін өгей әкесін өлтірген жігіт сотталды

03 Тамыз 2015, 18:32
0
Семейде анасы үшін өгей әкесін өлтірген жігіт сотталды - © Zanoza-news.com
© Zanoza-news.com

Анасын үшін өгей әкесін өлтірген 21 жастағы семейлік жігіт 4 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Басылымның мәліметінше, оқиға 2014 жылдың желтоқсан айында болған. Отбасын асырау үшін 16 жасынан еңбек еткен жігіт үйіне келгенде өгей әкесінің анасын ұрып жатқанын көреді. Жігіт ер адамды сабасына түсірмек болады. Дегенмен ер адам баласының айтқанына көнбей, оған жұдырық ала жөнелген. Ашуға мінген жігіт өгей әкесін алдымен жерге жатқызып, сосын оны қылғындырады. 21 жастағы жігіт ер адам өлгеннен кейін ғана қолын жіберген.

Айта кетейік, 21 жастағы семейлік жігіт адам өлтіргенін мойындап, құқық қорғау органдарына өзі барған. Сот оны Қылмыстық кодекстегі адам өлімі үшін берілетін ең жеңіл - 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай