Семейде бойжеткен жалаңаш түскен суретін Желіге жариялаған бұрынғы жігітін сотқа берді

03 Қараша 2015, 14:39
0
Семейде бойжеткен жалаңаш түскен суретін Желіге жариялаған бұрынғы жігітін сотқа берді - © 101media.com.tw
© 101media.com.tw

Семейде бойжеткен жалаңаш түскен суретін Желіге жариялаған бұрынғы жігітін сотқа берді, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Басылымның мәліметінше, 21 жастағы қыздың бұрынғы жігіті оның суреттерін Интернетке жариялап, қыздың интимдік қызмет көрсететінін жазып, телефон номерлерін таратқан. Хабарландырудан кейін қызға түрлі ер адамдар қоңырау шалып, мазасын алған.

"Қыз 22 жастағы жігітпен бір ай кездескен. Ол хабарландыру туралы таныстарынан білген. Қыз күйзеліске ұшырап, неврологтар мен психологтардың көмегіне жүгінді. Осыдан кейін ол сотқа шағымдануға мәжбүр болды", - делінген жарияланымда.

Сотта зардап шеккен тарап моральдық өтемақы талап етті. Ақыры екі тарап ымыра келіп, жас жігіт 2016 жылдың шілде айына дейін қызға ай сайын 10 мың теңге төлеп тұруға міндеттелді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай