Семейде бұқтырылған ет түрінде пара алған мектептің экс-директорына жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Семейдегі №2 сот залынан.
Семейде бұқтырылған ет түрінде пара алған мектептің экс-директорына жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Семейдегі №2 сот залынан.
Оған екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сонымен қатар, экс-директор үш жыл көлемінде мемлекеттік қызмет атқара алмайды. Айта кетейік, сотталушы соттың шешімімен келіспейді, ол шешімге шағым түсірмекші. Бұқтырылған етті ол пара ретінде алмағанын, оның ақысын төлемек болғанын айтты. Ал ақшаға келсек, экс-директор оны өзі басқарып отырған мектептің игілігі үшін алғандығымен түсіндірді.
Еске сала кетейік, 3 ай бұрын Семейде жергілікті кәсіпкерден 200 мың теңге және сомасы 32 мың теңге болатын екі қорап бұқтырылған ет алған әскери-техникалық мектептің директоры ұсталған болатын. Мұндай қадамға ол кәсіпкердің мектепке азық-түлік жеткізіп тұруына келісімшартқа отыру үшін барған. Семей №2 сотының мәліметінше, өткен жылдың кәсіпкер пен әскери-техникалық мектеп курсанттарды үш мезгіл тамақтандыру үшін жеті миллион теңге көлемінде келісімшартқа отырған. Кейін мектеп директоры кәсіпкерден пара ретінде 200 мың теңге мен екі жәшік бұқтырылған ет талап ете бастайды. Әйел әскери-тергеу органдарына хабарласқан. Мктеп директоры пара алып жатқан жерінен ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, материал сотқа жіберілді.