Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Семейде ер адам пияздың иісіне бола әйелін бірнеше жерден пышақтады

08 Маусым 2015, 15:07
1
© Тvcook.ru
© Тvcook.ru

Семейде ер адам өз әйелін үйде пияздың иісі қатты шыққаны үшін бірнеше жерден пышақтады, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Тергеу мәліметтерінше, оқиға таңертең болған. 57 жастағы әйел таңғы асқа жұмыртқа мен пияз қуырған. Сол мезетте ас бөлмесіне күйеуі кіріп келіп, үйді жиіркенішті иіс алып кеткеніне шағымданады. Әйелі оған пиязды қуырғанда иісі болатынын айтқан. Ер адам мәселені шешу үшін әйелінің артынан келіп, бірнеше рет пышақтайды.

Үйде ерлі-зайыптының ересек қыздары болған. Айғайлаған дауысты естіген қыз ас бөлмесіне жүгіріп келеді. Ол әкесін анасынан ажыратып алып, "жедел жәрдем" шақырған. Тергеу амалдары кезінде осы оқиғаға дейін ер адамның өзін науқас сезінгені анықталды. Дәрігерлер оған психоневрологиялық диспансерге көрінуге кеңес береді. Ол жерде ер адамға тұрақты емделу керегін айтады. Бірақ ер адам маңызды істеріне байланысты кейін емделемін деп шешкен.

Сот сараптамасы ер адамның денсаулығында кінәрат барын анықтады. Соттың шешімімен одан қылмыстық жауапкершілік алынып тасталды. Ол ем қабылдау үшін мамандандырылған психиатриялық емханаға жіберілді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай