Семейде есірткі зертханасының ұйымдастырушысы ұсталды - ҰҚК

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде есірткі зертханасының ұйымдастырушысы ұсталды - ҰҚК Фото: ҰҚК

Семейде есірткі зертханасы анықталып, жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Семейде есірткі зертханасы анықталып, жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылы 15 қаңтарда Семей қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті А. есімді азаматты ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алған.

"Жедел-тергеу іс-шаралары барысында заңсыз айналымнан бес келі а-PVP психотроптық зат, 50 келі синтетикалық есірткі дайындауға арналған прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды.

Факт бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыдағы есірткі зертханасын жойғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети