Семейде есірткінің аса ірі партиясы тәркіленді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде есірткінің аса ірі партиясы тәркіленді polisia.kz

Семейде үйінде 25 келіден астам марихуана сақтаған 38 жастағы қала тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде үйінде 25 келіден астам марихуана сақтаған 38 жастағы қала тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

Күдікті есірткінің аса ірі партиясын 335 полиэтилен пакетке салып, жастарға сату үшін дайындаған. Тұрғын қылмыс үстінде ұсталды.

"Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі ("Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдікті қамауға алынды. Ол үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан облыстық полицияның мәліметіне сәйкес, есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды күшейтуге бағытталған "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети