Семейде мектеп-интернаттың тәрбиешісі 10-нан аса баланы азғырғаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Семейде мектеп-интернаттың тәрбиешісі 10-нан аса баланы азғырғаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қылмыстық істің материалдары бойынша, 1998 жылдың жазынан 2015 жылға дейін "№ 5 көмекші мектеп-интернат" КММ ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалар мен жетімдердің тәрбиеленушісі бола отырып, ер адам балалар мен кәмелет жасына толмаған тәрбиеленушілерге қатысты сексуалдық мәндегі зорлық әрекеттерді қайталап жасаған.
Айыпталушы - 1972 жылғы, Шығыс Қазақстан облысының тумасы, мекемеге жұмысқа 1992 жылы тұрған. Бұл интернаттың тәрбиешілерінің бірінің айтуынша, ол өз әріптесінің бойынан оның балаларға деген өзгеше көзқарасын екі жыл бұрын байқаған және бұл мәселені интернет директорына айтып берген. Алайда ешқандай да әрекет болмаған. Педофил балаларды алдандыру үшін оларға сыйлық жасап, қызметтік өкілін пайдалана отырып, балаларды жарыстарға апаруға және тағы да басқа уәделер берген. Педофилдің әрекетінен 12-14 жас аралығындағы 10-нан аса бала зардап шеккен. Педофил балаларды қорқыту әдісін де қолданған.
Бұл іс бойынша тергеу өткен жылы ашылған, ол уақытта педофилдің бір ғана зорлық әрекеті жария болған. Писхологтардың айтуынша, жәбірленуші балалар өз бастарына түскен жағдайларды айтудан тартынған. Бірақ кейін балалар оқиғаларын айтып беріп, тәрбиеші ұсталған.
Сотта 43 жастағы педофилге 20 жылға бас бостандығынан айыру, педагог қызметін атқарудан айыру, сонымен қатар, өмір бойына балалардың тәрбиесімен айналысуына тыйым салу жазасы тағайындалды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды.