02 тамыз 2021 | 11:58

Семейде жалған вакцинация паспортын жасаған екі қызметкер ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Семейде полицейлер жалған вакцинация паспортын жасаумен айналысқан екі медицина қызметкерін ұстады. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Семейде полицейлер жалған вакцинация паспортын жасаумен айналысқан екі медицина қызметкерін ұстады. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жалған вакцинация паспортын жасаудың қылмыстық схемасын анықтады. Семейде екі медицина қызметкері анықталды. Олар құжаттарды сату арқылы қосымша ақша табуға тырысқан.

Қаладағы медициналық-әлеуметтік мекемеде жұмыс істейтін қызметкер тұрғындардан жеке есепшотына 15 мың теңгеден алған. Ақшаның бір бөлігін жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен жедел медициналық көмек орталығындағы танысына беріп отырған, ал ол деректер базасына вакциналау рәсімінен өткені туралы жалған мәлімет енгізген", - деді брифингте Тұрлыбек.

Қылмыстық іс аясында полиция қызметкерлері заңсыз қызметтерді қолданған тұрғындарды анықтап, жауап алады.

Реклама
Реклама

"Ұсталғандардың айтуынша, олар қаланың 30-дан аса тұрғынына жалған құжат берген. Бірақ тергеу мәліметінше, бұл көрсеткіш әлдеқайда көп болуы мүмкін. Тергеу және мән-жайды анықтау нәтижесі бойынша медициналық жүйеге тіркелген барлық қате мәлімет жарамсыз деп танылады. Медицина қызметкерлерінің іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша сараланған. Бап санкциясы 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады", - деді Тұрлыбек.

Сондай-ақ, ол Өскеменнің 34 жастағы тұрғыны ұсталғаны туралы айтты. Ол ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен анықтаманы нақты талдау жасамай тіркеген. Ол қызметін 15 мың теңгеге бағалаған. Қазір алаяқтық дерегімен Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр, онда екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мұндай әрекет үшін жауапкершілік ҚР ҚК-ның 385-бабында ("Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу") көзделген.

Бап санкциялары 2 000 АЕК-ке (5,8 миллион теңге. - ескерт.) дейінгі айыппұл түрінде не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі айға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды көздейді.

Егер заң бұзу дерегі бір жыл ішінде қайталанса, сондай-ақ вакцинация паспортын қолдан жасау әрекетін адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жүзеге асырса, айыппұл 4 000 АЕК-ке дейін өседі, ал бұл 11,6 миллион теңге. Сондай-ақ, тәртіп бұзушыларды 1000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға болады.

Жалған вакцинация паспортын қолданушыларға 160 АЕК (шамамен 467 мың теңге. - ескерт.) көлемінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға құқығы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная