Семейде өртенген пәтерден пышақталған әйелдің денесі табылды, - деп хабарлайды YK-news.kz.
Семейде өртенген пәтерден пышақталған әйелдің денесі табылды, - деп хабарлайды YK-news.kz.
Порталдың мәліметінше, өрт туралы хабар, 26 мамырда сағат шамамен 09.00-де түскен. Бес қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтердің терезесінен түтіннің шығып жатқанын жергілікті тұрғындар байқапты. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру қызметінің мамандары пәтер толық жанып кетпей тұрғанда, сөндіріп үлгерді.
"Құтқарушылар жатын бөлмесіндегі еденде жатқан 31 жастағы әйелді тапты. Оның денесінің бірнеше жеріне пышақ салынған. ШҚО ТЖД өрттің себебін анықтады, пәтер әдейі өртелген", - делінген жарияланымда.
Айта кетейік, қазір осы оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Қылмыскер жасаған қылмысын жасыру мақсатында пәтерді әдейі өртеуі мүмкін.