Семейде педофил тәрбиеші жұмыс істеген интернаттың директоры 5 жылға сотталуы мүмкін

05 Мамыр 2016, 13:42
0
Семейде педофил тәрбиеші жұмыс істеген интернаттың директоры 5 жылға сотталуы мүмкін - © komi-news.ru
© komi-news.ru

Семейде педофил тәрбиеші жұмыс істеген №5 мектеп-интернатының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл дерек "Салғырттық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. Оның жазасы - бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады. Ал егер қарастырылып жатқан істің салдары ауыр болса, онда бап бойынша, айыпта белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Еске салайық, биылғы сәуірде "№ 5 көмекші мектеп-интернат" КММ ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалар мен жетімдердің тәрбиеленушісі болған 43 жастағы педофилдің соты болып өткені хабарланған еді. Интернаттың тәрбиешісі 17 жыл бойы балаларды зорлап келген. Педофилдің әрекетінен 12-14 жас аралығындағы 10-нан аса бала зардап шеккен. Педофил балаларды қорқыту әдісін де қолданған.

Сотта 43 жастағы педофилге 20 жылға бас бостандығынан айыру, педагог қызметін атқарудан айыру, сонымен қатар, өмір бойына балалардың тәрбиесімен айналысуына тыйым салу жазасы тағайындалды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай