Семейде тұрғынды бопсалаған ер адам ақша алу кезінде ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде тұрғынды бопсалаған ер адам ақша алу кезінде ұсталды ©️ polisia.kz

Абай облысында қала тұрғынын бопсалаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысында қала тұрғынын бопсалаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай облысының полиция қызметкерлері Семейдің 36 жастағы тұрғынын бопсалау күдігімен ұстады. Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің қала тұрғынын қорқытып, 175 мың теңге көлеміндегі қарызды қайтаруды талап еткені анықталды.

"Алайда ол бұл соманы өз "қызметі" үшін тағы 300 мың теңгеге арттырып, жалпы соманы 475 мың теңгеге дейін көбейткен. Жедел уәкілдер арнайы шара ұйымдастырып, күдіктіні ақша алу кезінде қылмыс үстінде ұстады", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Құқық қорғау органдары азаматтарға бопсалаудың ауыр қылмыс екенін еске салады. Егер сіз қорқытып-үркіту немесе заңсыз талаптардың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласуыңызды сұраймыз".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети