Серік Ахметов 10 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Ахметов 10 жылға сотталды Серік Ахметов. Фото © REUTERS

Экс-премьер Серік Ахметов 10 жылға бас бостандығынан айырылды, сонымен қатар оның мүлкі тәркіленеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев 5 жылға, ал Қарағандының экс-әкімі Мейрам Смағұлов үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл істе жалпы 21 адам фигурант болды, олар жеті эпизод бойынша айыпталды. Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, бұл айыптар "Мәңгілік алау" мемориалының абаттандыру, "DDKZGroup" ЖШС-ға жер учаскелерін бөлу және оларды үлестес тұлғаларға өткізу, "Евростандарт" ЖШС құру және заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру, "ТЛК" ЖШС қызметіне қатысу және көлік-логистикалық кешеннің құрылысына жер үлестіруде қызметтік өкілін теріс пайдалану бойынша қарастырылды. 

Серік Ахметов 2014 жылдың қарасында үй қамауына алынған болатын. Сот отырысы 2015 жылдың тамызында басталып, төрт айға жалғасты. Қылмыстық іс 338 томға жетті, оның 9 томы айыптау актісі. Жалпы 82 сот отырысы өтті. Іс бойынша 260 куәгерден жауап алынды. Процесске 4 мемлекеттік айыптаушы және 42 адвокат пен қорғаушы қатысты. Қазіргі заңнамаға сәйкес, соттың әділ өтуі үшін отырыстың ашық саясатын ұстану бойынша сәйкес шаралар жүргізілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети