Серік Ахметов үй қамауында үшінші айға қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Ахметов үй қамауында үшінші айға қалды Серік Ахметов. ©Kapital.kz

ҚР бұрынғы қорғаныс министрі Серік Ахметов үй қамауында үшінші айға қалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР бұрынғы қорғаныс министрі Серік Ахметов үй қамауында үшінші айға қалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде қарастырылған екі ай бұлтартпау шарасының мерзімі өтпей жатып, Серік Ахметовті үй қамауына алуды ұзартуды 30 желтоқсанда-ақ сұраған еді. 

"Сот белгілеген бұлтартпау шарасының мерзімі 18 қаңтарда бітеді. Бірақ тергеуші айыпталушы Ахметовтің үй қамауына алыну мерзімін ерте, яғни 30 желтоқсанда ұзартуды шешті", - деп хабарлады Қарағандының Қазыбек би ауданы сотының кеңсе қызметкерлері.

Судья Зухра Тілеубергенова тергеушінің өтінішін қанағаттандырып, бұлтартпау шарасының мерзімін үшінші айға дейін ұзартты. Осылайша бұрынғы қорғаныс министрі 2015 жылдың 18 ақпанына дейін үй қамауында отырады. 

Еске сала кетейік, Cерік Ахметов бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деп айыпталып отыр. Тергеудің мәліметінше, оған тағылып отырған қылмысты ол Қарағанды облысының әкімі болып қызмет істеген кезде жасаған. Ол өз кінәсін мойындамайды. Серік Ахметов осы жылдың 22 қазаны күні қорғаныс министрі қызметінен өз еркімен кеткен болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети