27 желтоқсан 2016 | 12:31

Серік Ахметовпен бірге сотталған үш адам бостандыққа шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Ахметовтың ісі бойынша сотталған үш адам айыппұл төлеп, бостандыққа шығады. Абай қаласының соты жазаны жеңілдету бойынша осындай шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Серік Ахметовтың ісі бойынша сотталған үш адам айыппұл төлеп, бостандыққа шығады. Абай қаласының соты жазаны жеңілдету бойынша осындай шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Абай қалалық соты Қарағандының бұрынғы әкімінің орынбасары Айдар Телғариннің, "Металлургия-металл өңдеу" индустриалдық парк директорының орынбасарлары Оразалы Айменбетов және Анатолий Эссенің жазаларын жеңілдетті. Олардың өтелмеген мерзімі түрлі көлемдегі айыппұл түріндегі жазаға ауыстырылды", - деп түсіндірді сот өкілдері. 

Сонымен қатар, Телғаринннің айыппұлы - 341 мың  481 теңге, Анатолий Эссенікі - 542 мың 976 теңге, ал Айменбетов - 184 мың 527 теңге төлейтіні хабарланды.  

Сонымен бірге, жазаны жеңілдету "Рақымшылық жасау" заңына байланысты емес екенін айта кетті сот өкілдері. 

Еске салайық, Айдар Телғарин, Анатолий Эссе, Оразалы Айменбетов және тағы бірқатар шенеунік (олардың ішінде бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов те бар) 2015 жылдың желтоқсан айында сотталған болатын. Осы уақытқа дейінгі өтелген мерзімдері: Оразалы Айменбетов - 1 жыл 80 күн, Айдар Телғарин- 1 жыл 9 ай 27 күн, Анатолий Эссе - 2 жыл 10 ай 12 күн.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети