Жамбыл облысының Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы Серік Ахметовтің өзіне-өзі қол жұмсағаны туралы қауесетті таратқан адам 2-ден 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, Жамбыл облыстық ІІД тергеу басқармасы Байшеміровке қатысты қылмыстық істі қарап жатыр. Заңға сәйкес, қылмыстың мұндай түрін жасаған адамға 2-5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі. Қазіргі таңда Байшеміровке қатысты бұлтартпау шарасы қолданылып, ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды, сот психологиялық-филологиялық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Еске сала кетейік, үй қамауында отырған бұрынғы министр суицид жасады делінген ақпарат 9 қаңтарда пайда болды. Ол әлеуметтік желілерде таралды. Келесі күні бұл қауесетті Қарағанды облысы мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департамент өкілдері жоққа шығарды. 24 қаңтарда Көгершін ауылында тұратын 1990 жылы туған Байшеміров ұсталды. Мойындау жауабын берді. Байшеміров "ВКонтакте" желісінде "Руслан Маекеев" деген атпен жалған аккаунт ашып, Серік Ахметовтің өлімі туралы ақпараты бар пост орналастырған.
Айта кетейік, бұрынғы қорғаныс министрі 2015 жылдың 18 ақпанына дейін үй қамауында отырады. Cерік Ахметов бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деп айыпталып отыр. Тергеудің мәліметінше, оған тағылып отырған қылмысты ол Қарағанды облысының әкімі болып қызмет істеген кезде жасаған. Ол өз кінәсін мойындамайды. Серік Ахметов осы жылдың 22 қазаны күні қорғаныс министрі қызметінен өз еркімен кеткен болатын.