Шетелдік жезөкшелер Алматыда жарты миллионға пәтер жалдап келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шетелдік жезөкшелер Алматыда жарты миллионға пәтер жалдап келген © Алматы ІІД баспасөз қызметі

Алматы полициясы кезекті рет жеңіл жүрісті қыздарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы кезекті рет жеңіл жүрісті қыздарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Уфа (Ресей Федерациясы) тұрғыны мен оның өзбекстандық үш "әріптесі" өз қызметтерін Интернетте жарнамалаған. Олар клиенттеріне Алматыдағы элиталы тұрғын үй кешендерінің біріндегі пәтерде қызмет көрсеткен. Кейін олардың пәтерді жалға алып, ай сайын 500 мың теңге төлегендері анықталды.


Алматы ІІД баспасөз қызметі жолдаған сурет

"Жеке бастарын куәландыратын құжаттары болған жоқ. Сондықтан үшеуі өздері туралы нақты мағлұмат пен азаматтықтары туралы мәліметтерді жасырғысы келді, сөйтіп мамандарды шатастыруға тырысты. Алайда олардың шетелдіктер екені бірден анықталды. Олар Алматыға көші-қон заңнамасын өрескел бұзып келген. Қыздар қазір қамауға алынды. Әкімшілік өндіріс материалдары шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық сотына жіберіледі", - деді қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы Таңат Назанов.


Алматы ІІД баспасөз қызметі жолдаған сурет

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда моншадан жезөкшелер притонының табылғаны хабарланған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети