22 қаңтар 2019 | 12:14

"Шабуылдағандардың бірі мені таниды". Алматыдағы букмекерлік кеңсенің күзетшісі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тонаушылар оңдырмай сабап тастаған букмекерлік кеңсенің күзетшісі Қайрат Елтімбаев шабуылдағандардың бірімен таныс екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда тонаушылар оңдырмай сабап тастаған букмекерлік кеңсенің күзетшісі Қайрат Елтімбаев шабуылдағандардың бірімен таныс екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

37 жастағы ер адамның айтуынша, шабуылдаған үшеу күзетшінің қайда екенін бірден біліп, соған беттеген. Қаскөйлер қызметкерді темірмен ұрып, басын жарған. Елтімбаевтың қолы сынып, миы шайқалған. Басындағы бірнеше жараны дәрігерлер тіккен. 

"Кенеттен болған оқиға, сағат шамамен бес еді. Ештеңе де айтпады, темірмен ұрды. Айғайлап, сырттан біреу-міреу көмекке келер деп ойладым. Миым шайқалды, қолым сынды, қолмен қорғандым ғой... Тонаушылар бастан ұрмақ болды, сондықтан басымның бір жері ғана ауырып жүр, қатты емес. Арқамнан бірнеше рет ұрды, басымды бес жерден тігіп берді. Жедел жәрдем тез жетті, 10 минут ішінде. Ауруханада басымдағы жарақатты тігіп, қолыма гипс салып берді.

Ал мына жігіттер... мұндай қылмысты бірінші рет жасап тұрмаған сыңайлы. Басқа қалаларда да айналысқан сияқты. Бетперде киіп алса да, менен жас екенін аңғардым, 20-25-те. Біреуі 20-ға да толмаған сияқты. Оларды тапса, танитын сияқтымын. Букмекерлік кеңсеге келетін адамдар сондай, мас жүреді, ұтылып қалғандар, маған тісін қайрап жүргендері көп. Оларды мекемеден шығарып тастауға тура келеді. "Кездесейік, өлтіріп кетемін" деп те талай айтады. Ішіндегі біреуі мені танитын сияқты. Күзетшінің қайда отыратынын білді, сондықтан бұл жерде бұрынырақта болған адамдар сияқты", - дейді Елтімбаев.

Қайрат Елтімбаевтың айтуынша, дабыл батырмасы оның белбеуінде болған, бірақ шабуыл кезінде үзіліп, шетке қарай ұшып кеткен. Ер адамның оған қолы жетпеген.

Еске салайық, оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралған болатын.  

"Осы дерекке қатысты Әуезов аудандық ПБ сотқа дейінгі тергеу шараларын ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі бойынша жүргізіп жатыр. Жедел тергеу тобы құрылды. Осы қылмысты анықтауға бағытталған. кешенді жедел әрі арнайы шаралар жүргізіліп жатыр", - деді Алматы ПД өкілдері.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети