15 наурыз 2022 | 09:55

Шахтинск тұрғыны арзан қант іздеп алаяқтардың құрығына түсіп қалған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com

Шахтинск тұрғыны 400 мыңға жуық теңгені алаяқтарға аударған. Олар оған төмен бағада қант беруге уәде берген. Әйел сатушыны танымал қосымшада жарияланған хабарландыру арқылы тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шахтинск тұрғыны 400 мыңға жуық теңгені алаяқтарға аударған. Олар оған төмен бағада қант беруге уәде берген. Әйел сатушыны танымал қосымшада жарияланған хабарландыру арқылы тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысының тұрғындары бірнеше күн бойы дүкендер мен көтерме базар сөрелерінен қант пен басқа да қажет өнімдерді жаппай сатып ала бастаған. Нарықта сұраныс пайда болғасын, алыпсатарлар көбейген. Олар минут сайын тауар құнын көтеріп отыр екен. Өңір әкімдігі мәліметінше, кейінгі демалыс күндері қолдан жасалған дүрбелеңге және жоғары сұранысқа байланысты қант сату көлемі бес есеге артқан.

Дүрліккен Шахтинск қаласының тұрғыны осы жағдайда ақшасын үнемдегісі келген. Ол қосымша арқылы арзан бағамен сатылатын қант туралы хабарландыру тапқан. Сатушымен келісіп, қант пен күнбағыс майы үшін шамамен 400 мың теңге аударған. Ал ақшаны алған сатушы оның нөмірін бұғаттап тастаған.

Жәбірленуші алаяқтық туралы өтінішпен Шахтинск қаласының полиция бөліміне жүгінген.

"Бұл дерек ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркелді. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері тұрғындарды қырағы болуға және интернет арқылы күмәнді мәмілелер жасамауға шақырады", - деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Департамент өкілі мұндай қосымшалардағы күмән тудыратын жарнамалар тексеріліп жатқанын айтты.

"Қарағанды тұрғындары осындай хабарландырулардың сілтемесін жібереді. Онда бір келі қантты 200 теңгеге, сондай-ақ, басқа да өнімдерді төмен бағамен ұсынады. Киберқылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері осы сілтемелерге тексеріс жүргізеді", - деп атап өтті ведомство қызметкері.

Қарағанды облысының әкімдігі мәліметінше, өңірде қант тапшылығы жоқ. Көтерме сауда қоймаларында 500 тоннадан аса қант қоры бар. Бұдан басқа, өңір он вагон келуін күтіп отыр және тағы бес вагон төленіп қойған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети