28 қаңтар 2019 | 17:21

Шалқарда төбелестен 10-сынып оқушысы қайтыс болды

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы мектептердің бірінің 10-сынып оқушысы өзімен жасты оқушымен төбелесу нәтижесінде пышақтан жарақат алып көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы мектептердің бірінің 10-сынып оқушысы өзімен жасты оқушымен төбелесу нәтижесінде пышақтан жарақат алып көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екі оқушы 26 қаңтарда төбелескен. Ақтөбе облысының полиция департаментінің хабарлауынша, 2003 жылғы оқушы ауруханаға 26 қаңтарда кеудедегі пышақ жарақатымен түсіп, ертесіне қайтыс болды.

"Осы қылмысты жасады деген күдікпен Шалқардың 17 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол өз қылмысын мойындады. Осы қылмыс бойынша алдын ала тергеу жұмыстары ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Аурухана өкілдерінің мәліметінше, оқушы өте ауыр жағдайда жеткізілген. "Олар жедел жәрдем шақырмаған, оны өздері алып келген. Кім алып келгенін білмейміз, бірақ келген уақытында ол өте мүшкіл жағдайда болды. Қажетті шаралар қолданылды, бірақ ол көп қан жоғалтқан. Пышақ терең кірген", - деді Шалқар ауданының орталық ауруханасының бас дәрігері Асқар Ермағамбетұлы.

"Төбелес Үргенішбаев атындағы № 6 мектептің оныншы сынып оқушыларының арасында болған. Қаза тапқан бала да осы метептің оқушысы", - деп айтты директордың міндетін атқарушы Алия Оспанова.

Диапазон газетінің мәлімдемеуінше, төбелес кешкі уақытта болған. 

"Біздің оныншы сынып оқушымыз, болған жағдайға байланысты күдікті ретінде ұсталды, оның оқу үлгерімі орташа, футбол және баскетбол мен айналысады. Біздің оқушылардан тағы да үшеуін полицияға шақырылды, бірақ оларды қазіргі уақытта босатылды.Олар куәгер ретінде өтуде", - деп айтты газет тілшілеріне Алия Оспанова.

Оның айтуынша, төбелестің нақты себебі әлі белгісіз, бірақ төбелес екі ауданның жас балаларының арасында осы уақытқа дейін әрдайым болып тұрған. Әлия Оспанованың сөзінше, жексенбі күні мектепке 8-10-сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өткізілген.

"Барлығы уайымдап жатыр, неліктен демалатын жерлерде полиция қызметкерлері жүрмейтінін сұрады", - деді директор.

Бүгін қайтыс болған оқушыны жерледі. Жергілікті газеттің хабарлауынша, ол бала бокспен айналысқан, Ақтөбеде спорттық шеберлік мектебінде оқыған. Бірақ ол Шалқарға оралып, өзінің мектебіне оралған. Айта кетейік, қаңтардың басында Ақтөбеде оқушылардың арасында болған төбелес пышақтаумен аяқталды. Былтыр Ақтөбе мектептерінің арасында бірнеше жаппай төбелес болған. Қазіргі уақытта мектеп оқушыларына қатаң бақылау жүргізіліп жатыр. Оның ішінде жоғары сыныптың оқушыларына. Оқытушылар күнделікті олардың суық қаруы бар-жоғын тексереді.

Полицияның баспасөз қызметінің өкілдері жасөспірімдердің қылмысын алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын және қаңтардың 25 мен 27 аралығында түнгі уақытта жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орталықтарында жүргендерге қарсы рейд шаралары жүргізілген. Нәтижесінде 178 заңбұзушылық анықталып, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған 97 жеткіншек жеткізілген. Оның ішінде 84 жасөспірім 23.00 мен 06.00 сағат аралығында ересектердің бақылауынсыз көшеде жүргені үшін ұсталды.

Жеті ата-ана жасөспірім балалардың алдындағы міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Iшкі істер бөліміне 13 нашар отбасыдан 14 жасөспірім бала тіркелген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети