15 тамыз 2018 | 15:28

Шалқарда тойда оқ атқандардың ісі тергеліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысы Шалқар қаласында жас жұбайлардың құрметіне әуеге оқ ату полиция назарын аудартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысы Шалқар қаласында жас жұбайлардың құрметіне әуеге оқ ату полиция назарын аудартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Көлдің жағасында тұрған жас жұбайлар аң аулау мылтығынан үш рет оқ атқан видеоролигі 13 тамызда Instagram әлеуметтік желісінде жария болған. Ер адамдар кезек-кезек оқ атқанына қарамастан, айналасындағылар мақұлдағандай дауыстап айғайлады. Желі қолданушылары жастардың бұл әрекетін "мақтану" деп бағалады. 

Шалқар аудандық ішкі істер бөлімінің полицейлері бұл жайтқа қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-тарауы бойынша ("Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды, қысқа ұңғылы тегiс ұңғылы атыс қаруын, сол сияқты оның патрондарын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бастады. 

"Шалқар қаласының 22 жастағы тұрғынынан полицейлер аң аулайтын 16 калибрлі мылтықты тәркіледі. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Істің мән-жайы анықталып жатыр", - деді Ақтөбе облысының ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 

 

2018 жылдың тамыз айының 13-і күні тергеуде анықталмаған уақытта белгісіз біреулер «Инстаграм» әлеуметтік желісіне Шалқар қаласы, Әйтеке би көшесінің аяқ жағында орналасқан көл жағалауында 11.08.2018 жылы болған келіншек айналдыру рәсімі кезінде аңшы мылтығымен аспанға атқаны анықталғаны жөнінде. Осы оқиға бойынша Шалқар ауданы ІІБ-мен ҚР ҚК-нің 287 бабының 2 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық ісі бойынша 14.08.2018 жылы 1996 жылы туылған Шалкарлыктан дара ауыз 16 калибрлі «ИЖ-К» маркалы аңшы мылтығы заттай дәлелдеме ретінде алынды. Алынған дара ауыз 16 калибрлі «ИЖ-К» маркалы аңшы мылтығына сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. 13 августа текущего года в социальной сети «Инстаграм» размещен видеоролик, где молодые люди на берегу озера из охотничьего ружья произвели несколько выстрелов в верх. По данному факту Шалкарским РОВД начато досудебное расследование по ст. 287 ч.2 УК РК (Незаконное хранение, ношение оружия). У 22-летнего жителя г.Шалкар полицейские изъяли охотничье ружье «ИЖ-К» 16 калибра. Назначена судебно-баллистическая экспертиза. Проводится расследование. Пресс служба ДВД Актюбинской области

Публикация от ZELLO AKTOBE - OFFICIAL PAGE (@zello.aktobe)

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети