19 қыркүйек 2023 | 09:19

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығы: Челах колониядан қашан шыға алады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владислав Челах. видео кадры Владислав Челах. видео кадры

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челах шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қашан бере алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челах шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қашан бере алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚАЖК Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында, Челахтың 2037 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беруге құқығы бар екенін хабарлады.

"Челах Владислав Валерьевич Жетіғара қаласындағы №39 мекемеде жазасын өтеп жатыр. Аса ауыр қылмыс үшін сотталған. Мерзімі 2012 жылдың 5 шілдесінде басьалған, мекемеге 2013 жылдың 4 наурызында келген. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың ресми мерзімі - 2037 жылдың 5 шілдесі", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазір Челах 30 жаста. Ол 20 жасында сотталған. 2037 жылдың шілдесінде ол 44 жасқа толады.

Еске салайық, шекарашы болып қызмет еткен қарағандылық Владислав Челах 2012 жылдың желтоқсанында өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Ол 2012 жылы мамырда "Арқанкерген" уақытша шекара заставасында 14 қатардағы жауынгер мен бір инспекторды өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Владислав Челахқа жаппай кісі өлтірді деген айып тағылды. Үкім шығарылғаннан соң кейінгі құзырлы органдар бірінші сатыдағы сот шешімін өзгерткен жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети