Шекара қызметінің капитаны заңсыз киік аулады деген күдікпен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шекара қызметінің капитаны заңсыз киік аулады деген күдікпен ұсталды © siapress.ru

Шекара қызметінің капитаны заңсыз киік аулады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шекара қызметінің капитаны заңсыз киік аулады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттің мәліметінше, 2018 жылдың 14 мамырында жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-де "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК батыс өңірлік филиалының инспекторлары жануарлар мен киіктерді қорғау бойынша өткізген тексеріс шаралары барысында БҚО Жәнібек ауданы Қамысты ауылынан 15 шақырым жерде мемлекеттік нөмірі мен құжаттары жоқ квадроцикл жүргізушісін ұстады.

Сондай-ақ, тізгінде шекара қызметінің капитаны отырған квадроциклді тексеру барысында кесілген 12 ақбөкен мүйізі, қарудың қабы, балта, ақбөкеннің еті (оқ атылған) табылғаны айтылады.


© ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі

"Оқиға орнына Жәнібек ауданы ІІБ жедел-тергеу тобының қызметкерлері шақыртылды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша ("Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу") сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ақбөкенді заңсыз аулау дерегі бойынша заттай дәлелдерді іздестіріп жатыр", - деп хабарлады Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети